Ақтаудағы аялдамалардың бірі адамдардың үстіне құлады: зардап шеккендер бар
Фото: primeminister.kz
Ақтауда адамдардың үстіне аялдама құлады. Куәгерлер бірнеше адам зардап шекті деп мәлімдеді. Ал, ресми мәліметтерге сүйенсек, бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2024 жылдың 5 қарашасында болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан бейнелер тарады.
"Бұл 1-шағын аудандағы "Дружба" МҮ жанындағы жаңа автобус аялдамасының құлауынан болған салдар. Құбырларды жөндеуге байланысты нысан әлі орнатылмаған. Аялдама ұшып, адамдардың үстіне құлады. Абырой болғанда, көбі қашып үлгерді", — делінген бейненің жазбасында.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді. Онда оқиға ауа-райының қолайсыздығынан орын алғандығы хабарланды.
"Нәтижесінде бір адам зардап шекті. Қазіргі уақытта облыстық ауруханаға жеткізілді. Сапасыз құрылыс фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", — деді ПД.
Бұған дейін Алматыда автобус жүргізушілеріне жылдамдықты асырғаны үшін жаппай айыппұл салынғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript