Қостанай су-құтқару станциясы жарты ғасырда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті

Қостанай су-құтқару станциясы жарты ғасырда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 09:39 Сурет: kstnews/Фарид Дандыбаев
1971 жылы салынған Қостанай су-құтқару станциясы күні бүгінге дейін күрделі жөндеуден өтпеген. Тек 2024 жылы қалалық бюджеттен 83 миллион теңге бөлініп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 19 қараша күні Қостанай әкімі Марат Жүндібаев Тобыл жағалауындағы осы маңызды нысанды аралап көрді.

kstnews.kz мәліметінше, қазір станцияда шамамен 15 адам жұмыс істейді. Олар жыл бойы ауысыммен қызмет атқарып, жылдың кез келген мезгілінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қостанай су-құтқару станциясы жарты ғасырда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 09:39

Сурет: kstnews/Фарид Дандыбаев

Сәуірдегі су тасқынынан станцияның өзі де, жағажай, триатлон паркі де зардап шеккен болатын. Бүгінде барлығы қалпына келтірілді. Жағажайдың аумағы бес есе ұлғайтылды.

Облыс әкімі атынан Марат Жүндібаев құтқарушыларға екі жаңа квадроциклдің кілтін табыс етті.

Қостанай су-құтқару станциясы жарты ғасырда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 09:39

Сурет: kstnews/Фарид Дандыбаев

Ішкі инфрақұрылым да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ғимаратта дәретхана, душ бөлмесі, жаңа сумен жабдықтау, электр қазандығы пайда болды.

Қостанай су-құтқару станциясы жарты ғасырда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 09:39

Сурет: Қостанай қаласы әкімдігі

Бұған дейін Астанадағы көшенің біріне жаңа атау берілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: