Қостанайда бұралқы иттер жаппай қырылуда

Қостанайда бұралқы иттер жаппай қырылуда , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2024 09:25 Сурет: Instagram/hope_kst
Еріктілер Қостанай көшелерінде азаптана өліп жатқан иттерді жиі кездестіріп жатқандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар Astana TV-ге жануарлардың мүлдем агрессивті емес екенін және қоғамға қауіп төндірмейтінін айтты.

"Өкінішке орай, зарарсыздандырылған, вакцинацияланған, таңбаланған яғни заңмен қорғалған иттерді улау фактілері жиі кездесіп жатыр. Улану белгілері біздің қорғау пунктіміздегі белгілермен бірдей. Осылайша иттер бір-бір жарым сағаттың ішінде азапта өледі".Ерікті Анастасия Серікова

Жергілікті полиция төрт аяқты тіршілік иелерінің өліміне байланысты тексерісті бастады.

"Барлық куәгерлер, мән-жайлар белгіленеді, бейнебақылау камералары қаралады, болған оқиғаның жай-жапсары анықталады",- деді Қостанай облысы ПД баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.

Бұған дейін мәжілісте қаңғыбас иттермен күрес мәселесі пікірталас тудырғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: