Каспий теңізі 2 метрге тартылған

Вода, водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, орошение, ирригация, полив земли, полив, поливание, подача воды, водный объект, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, уровень воды, измерение уровня воды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2024 09:23 Фото: primeminister.kz
Каспий теңізінің тоқтаусыз тартылуы – қауіпті. Салдарынан судың тұздылығы артады. Теңіз түбінде қысым азайып, улы газдар шығуы мүмкін. Ал бұл Каспийдің өсімдігі мен жануарларына зиян, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәуелсіз экологтар теңіз суының нақты тартылу себебін анықтап, оның әсері қандай болатынын шұғыл түрде зерттеу қажет деп дабыл қағуда, деп жазады qazaqstan.tv.

Ақтау қаласының тұрғыны, құстанушы Қанатбек Кенжеғұлов осыдан 3 жыл бұрын теңізде тастың үстінде отырған шағалаларды фотоға түсірген. Ал қазір ол тас жағадан алыстап қалған. Каспийдің арқасында Ақтаудың қысы жылы, жазы қоңыр салқын. Теңіздің тартылуы ауа райына да кері әсер етеді, дейді ол.

"Біз теңіздің қасында тұратын болғасын көріп тұрмыз, бірақ теңіз тез тартылып бара жатыр соңғы 3-4 жылда. Себебі, мына жердің бәрі су болған. 2021 жылы түсірген фотом бар тастың үстінде тұрған. Сол қазір қарап отырсаң суы 1 метрге төмендеді. Су тез тез тартылып бара жатыр. Соған алаңдап отырмыз." Қанатбек Кенжеғұлов, Ақтау қаласының тұрғыны

Теңіз тоқтамай тартыла берсе, тұз концентрациясы көбейеді. Бұл оның флорасы мен фаунасына зиян. Содан соң, теңіздің түбіндегі судың қысымы азайып, улы газдар шығады. Оның салдарынан су жануарлары қырылып қалуы мүмкін. Сондықтан толыққанды ғылыми зерттеу жүргізіп, Каспийдің маңайындағы елдермен келісе отырып, теңізді сақтап қалу қажет, дейді тәуелсіз эколог.

"Каспий теңізге құйылып жатқан судың 80 пайызы ол Еділден келіп жатыр. Еділден құйылатын су азайғаны анық. Себебі Ресей тарапынан көп мөлшерде су пайдаланатын қондырғылар құрылып, жұмыс жасап жатыр екен. Сондықтан ол жерде Ресей мен Қазақстан жалпы 5 мемлекет арасында келісімшарттар жасалып, осындай кедергілерді болдырмау керек деп ойлаймын." Әділбек Қозыбақов, тәуелсіз эколог

"Қазгидромет" кәсіпорыны Каспий теңізінің гидрометеорологиялық зерттеулер басқармасының мәліметінше, Каспий – 2006 жылдан бері шамамен 2 метрге төмендеген.

"Каспий маңы елдерінің бақылау деректері негізінде теңіздің орташа көпжылдық деңгейі 35 метрді құрайды. Қазіргі уақытта Каспий теңізінің деңгейі төмендеу үрдісі 2006 жылдан басталды. 2023 жылға дейінгі кезеңде ол 1-де 83 метрге дейін төмендеді. 2023 жылы Каспий теңізінің теңгейі 28-де 87 метрді құрады." Айзат Елтай, "Қазгидромет" РМК каспий теңізінің гидрометеорологиялық зерттеулер басқармасының бастығы

Президент 2022-жылы Каспий теңізін ғылыми зерттеу институтын құруды тапсырды. Бірақ теңіздің таяздануын, биоалуантірлігін және экожүйесін зерттейтін ұйымды құру жұмыстары әлі жалғасуда.

"ҚР Премьер-министрі орынбасарының тапсырмасымен қыркүйек айында Каспий теңізін ғылыми зерттеу институты ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына берілді. Қазіргі уақытта қаулы жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтуде." Рита Орынбасарова, ҚР ЭТРМ экологиялық саясат департаментінің бас сарапшысы

Экология министрлігінің мәліметінше, ғылыми зерттеу институты Ақтау қаласында болады. Институтты құру жұмыстары аяқталмағандықтан, қызметкерлердің құрамы әлі бекітілмеген.

Каспий теңізінің тартылуы ақмаржан қала – Ақтаудың көркіне әсер етуде. Тыныс-тіршілігі көк айдынмен байланысты қаланың жағалауы бұдан 10 жыл бұрын абаттандырылған еді. Сол кезде теңіздің толқыны жағаға соғып жататын. Ал қазір шамамен 100 метрге алшақтап кеткен.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: