"Салқындату кезеңі": несиеге өтінімдер мен аударымдар қалай тексеріледі

"Салқындату кезеңі": несиеге өтінімдер мен аударымдар қалай тексеріледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 13:56 Сурет: Zakon.kz/Cолтан Жексенбеков
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Дмитрий Акмаев "салқындату кезеңі" қалай жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Интернет-алаяқтық: қарсы іс-қимыл, алдын алу, байланыс" конференциясында Дмитрий Акмаев түзетулерді шегімен енгізіу керек екенін, соған қарамастан халықты қорғау тетіктерін барынша ашық ету өте маңызды екенін атап өтті.

"Бүгінде түзетулердің үлкен блогын Президент әкімшілігі қарауда. Қазір талқыланып жатқан бастамалардың бірі – "салқындату кезеңінің" жұмыс барысы жайлы. Яғни, белгілі бір көрсеткіштен жоғары шек қойылады және ол жыл сайын өсіп отыруы мүмкін. Осылайша "салқындату кезеңі" несиелер үшін де, мүмкін аударымдар үшін де орнатылады",- деді ол.
"Салқындату кезеңі": несиеге өтінімдер мен аударымдар қалай тексеріледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 13:56

Сурет: Zakon.kz

Спикердің айтуынша, жұмыс Ұлттық банкпен бірлесіп жүргізілетін болады, бірінші кезекте ерекше операциялар қаралады.

"Мысалы, егер сіз ай сайын 150-300 мың теңге аралығында бөліп төлеуге тауар алсаңыз, бұл әрекеттер тексерілмейді. Ал, енді жаңа клиент бола тұрып, миллиондаған сумма сұрасаңыз, бірден "салқындату кезеңіне" өтесіз. Бұл құзретті банктер іске асырады. Біз қаржы институттарының жауапкершілігі туралы айттық. Олар өз клиентін соңына дейін толық сүйемелдеп, оған толық ақпарат беріп, барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс", — деді Дмитрий Акмаев.

Бұған дейін Қазақстанда онлайн-кредиттер беру рәсімін күрделендіру ұсынылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: