Алматы облысының гидропосттарындағы су деңгейі сыни деңгейге жетті
Сурет: pixnio
2024 жылдың 12-15 желтоқсан аралығында Кіші Алматы өзені – МП Медеу және Кіші Алматы өзені – Алматы қ. гидрологиялық бекеттерінде қиын мұздық құбылыстарға байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазгидромет мәліметінше, Кіші Алматы өзені – МП Медеу су деңгейі 12.12.2024 ж. сағат 12.00-ге 137 см. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. Шеткі (критикалық) су деңгейі қысқы мерзімге 136 см.
Кіші Алматы өзені – Алматы қ. су деңгейі 12.12.2024 ж. сағат 12.00-ге 247 см. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. Шеткі (критикалық) су деңгейі қысқы мерзімге 248 см.
Қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Бұған дейін жұма күні Астанада және 16 өңірде дауылды ескерту жасалғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript