Алматы полицейлері ірі алаяқтық фактісін ашты

Алматы полицейлері ірі алаяқтық фактісін ашты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2024 17:22 Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ірі алаяқтық ісін әшкереледі. Құқық қорғау органдарының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жергілікті тұрғынның құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтар азаматтың пәтерін заңсыз иемденуге әрекеттеніп, оны алдап кеткен. Алайда Медеу аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің қызметкерлері бұл қылмысты терең зерттеп, әрбір эпизодты мұқият талдаудың арқасында әділеттілікті қалпына келтірді.

Жәбірленуші полицияның жедел әрі адал еңбегіне алғыс білдіріп, құқық қорғау органдарының басшылығына хат жолдады.

"Медеу аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің қызметкерлері пәтерімді заңсыз иемденуге байланысты алаяқтық істі кәсіби деңгейде тергеді. Олар әрбір жағдайды мұқият зерттеп, әділеттілікті қалпына келтіруге көмектесті. Полиция қызметкерлеріне кәсібилігі, адамгершілігі және бізге деген шыдамдылығы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Біздің құқық қорғау органдарында өз ісінің нағыз мамандары мен адам тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтардың қызмет етіп жатқаны мақтанарлық жайт", - деп жазылған хатта.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: