Петропавлда сот төрағасы ірі көлемде пара алып жатқан кезде ұсталды
Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 19 желтоқсанда Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық сотының төрағасы пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды", - деп хабарлады ведомство.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметін Баймаханов Бекбол Алғыбайұлы атқарған.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript