Түркістан облысында ағайынды жігіттер көршісінің 20 қойын ұрлап кеткен

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель, правонарушители, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2024 10:40 Фото: pexels
Түркістан облысында полицейлер көршісінің 20-ға жуық қойын ұрлаған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Арыс ауданының полицейлері мал ұрлығына қатысты бар ағайынды екі ер адамды ұстады.

Күдіктілер жергілікті жердің жұмыссыз тұрғындары болып шықты. Яғни олар алдын ала сөз байласып, түнгі уақытта көршісінің қорада тұрған 20 қойын Газель автокөлігіне part, иесіне байқатпай жымқырып кеткен.

Содан малдарды сатып, ақшаны өзара бөліскен.Жәбірленушіге 1,5 миллион теңге шығын келтірген.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: