Ақтаудағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады
Бұл туралы ведомство 2024 жылғы 26 желтоқсанда мәлімдеді.
Ақпаратқа сүйенсек:
"Ведомствоның көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнында. Тергеп-тексерудің қырдағы кезеңі аясында жұмыстар жүргізілуде".
Сондай-ақ, Қазақстанға Әзербайжан Республикасы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы , сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келгендігі белгілі болды.
"Жұмыстар Әзербайжанның авиациялық билігімен бірлесе жүргізілуде",- деп нақтылады ведомство.
Мұнымен қоса, Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компания өкілдері және CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) ұшып келеді.
Ақтау қаласына Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия құрамында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, "Қазаэронавигация" РМК бас директоры Нұржан Ахметов келді.