Жамбыл облысында мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады
Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға болды. Көкбастау ауылындағы Амангелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 15 жастағы жасөспірім - толық емес отбасындағы алты баланың бірі. Ауылдастарының айтуынша, оның әкесі осыдан 4 жыл бұрын көп жылғы дерттен қайтыс болған.
Оқушының неліктен мұндай қадамға барғанын полиция анықтайды. Қазір тәртіп сақшылары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, прокуратура, білім басқармасының қызметкерлері, психологтар мен Жамбыл облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр". Жамбыл облысының полиция департаменті
Сондай-ақ ведомство мән-жайды анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript