"Тұман, көктайғақ, бұрқасын". Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Алматы облысының батысында, шығысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Қонаевта да күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтауда да көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтөбеде аздап тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте, сол секілді Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырауда түнде көктайғақ болады.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оралда да көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.
Бұған дейін синоптиктер осы демалыс күндері Алматыда күн күрт жылынатынын болжаған болатын.