Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізілуі мүмкін бе

Карантин, Қазақстан, метапневмовирус, Айжан Есмағамбетова, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 19:27 Сурет: pixabay
Желіде метапневмовирус туралы ақпарат белсенді түрде бөлісіліп, халық арасында алаңдаушылық туғызуда. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының (ҰҒО) басқарма басшысы Айжан Есмағамбетова бұл реттегі басты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есмағамбетова 2025 жылғы 8 қаңтарда Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін тағы да атап өтті.

"Біз эпидемиялық маусымның қызған шағындамыз. Әдетте, қаңтарда аурудың өсімі әрдайым байқалып, содан кейін ақпан айының ортасына қарай ол басылады. Қазір карантиндік немесе шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ". Айжан Есмағамбетова

Сондай-ақ ол дәрігерлер эпидемиологиялық жағдайды вирустың жиілігі мен айналымы бойынша күн сайын дерлік қадағалап отыратынын атап өтті.

2025 жылдың басында Қытайда метапневмовирустық инфекциясының өршуі тіркелді. Бұл ақпарат қоғамда алаңдаушылық пен қызу пікірталас тудырды. Бірақ сарапшылар бұл жаңа қауіп емес екенін, оның көпшілікке таныс маусымдық құбылыс екенін түсіндіруде. 

Денсаулық сақтау министрлігі халықтың үрейін қашырған ауруға сабырмен қарайды. Олар қазіргі уақытта Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде екенін айтады. Әдеттегідей, қаңтар айында өсім көрсеткен аурудың аптығы ақпан айының ортасынан бастап табиғи түрде басылады деп болжанады. 

 Алдын алау шаралары да стантартты:

  • адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
  • үй-жайларды үнемі желдету; қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;
  • ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;
  • тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу;
  • ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды алаңдатып отырған метапневмовирус жайына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: