Көлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болады: қазақстандықтарға нені білу керек
Сурет: Instagram/gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ көлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, телнұсқаны алу бойынша өтінім беру керек.
"Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет. Бір нөмірлік белгі үшін мемлекеттік баж 1,4 АЕК (2025 жылы 5504 теңге) құрайды",- деп нақтылады ведомство.
"Көлік құралы үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- Астана мен Алматы тұрғындары үшін — 5 жұмыс күні,
- басқа өңір тұрғындары үшін — 15 жұмыс күні.
Корпорация телнұсқаны жеделдетіп алуға болатындығын да атап өтті.и
- 1 жұмыс күні (өтініштерді қабылдау және нөмірлерді беру күнін есептемегенде) – Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Өскемен қалалары үшін;
- 5 жұмыс күні (өтініштерді қабылдау және нөмірлерді беру күнін есептемегенде) – Жезқазған, Қонаев, Көкшетау қалалары, сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар үшін.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушілердің деректерін олардың келісімінсіз беру құқығына ие болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript