KASE мен AIX қашан бірігеді - ресми өкіл жауабы

KASE мен AIX қашан бірігеді - ресми өкіл жауабы , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 16:54 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Алина Алдамберген AIX биржасымен бірігу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың қорытындысы бойынша биржалық нарық жұмысының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы аясында Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Алина Алдамберген "Астана" халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасымен бірігу мәселесіне түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта біз AIX-пен ешқандай келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпыз деп айта аламын". Алина Алдамберген

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында елімізде жұмыс істеп тұрған екі қор биржасын біріктіру мәселесін көтерген болатын.

Бұған дейін тіл саясаты комитетіне жаңа өкілеттіктер берілетіндігі жайлы жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: