Жаңалықтар тізбегі
0

Мектеп директорларын және еңбекақы тағайындау процедурасы қайта қарастырылады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 20:44 zakon.kz
Аттестаттауға келетін болсақ, министр алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына аттестаттау және біліктілік санатын беру жүйесі енгізіліп жатқанын айтады.

Білім және ғылым министрлігі мектеп директорларын тағайындау тәртібін, сондай-ақ біліктілікті арттыру, еңбекақы төлеу жүйесін және мектеп директорларын аттестаттау тәртібін қарастырып жатыр. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, ротациялаудың жаңа институты енгізіліп жатыр.

Тиімді менеджменттің нәтижесінде мектепте кәсіби ұжым мен оқуға арналған қолайлы орта құрылады. Сондықтан осы мәселеге назар аудару өте маңызды. Бір ауданда орналасқан екі мектеп, бірдей бағдарлама бойынша жұмыс істейтін, бюджеті, мүмкіндіктері мен инфрақұрылымы да бірдей көрші тұрған қос білім ордасы екі бөлек нәтиже көрсететін жағдайлар кездеседі. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, мұндай айырмашылық көбінесе мектеп басшысына байланысты. Өйткені тек мықты директор ғана үздік нәтижелерге қол жеткізетін ұйымшыл ұжым қалыптастыра алады. Мұндай директор жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-аналар, оқушылар және білім беру құрылымдарымен ашық жұмыс істейді. Сонымен бірге қызметкерлерді жігерлендіріп, тек жетекші болып емес, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы да бола біледі, деп жазды ол Facebook-те.

Қазір ол кадр мәселесіне тап болып отырғанын жеткізді.

Директор немесе оқу ісінің меңгерушісіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, аталған лауазымдарда жұмыс істеуге ниетті мықты қызметкерлердің қатары сиреп барады. Мұның бірнеше себебі бар. Мұғалімдермен салыстырғанда директорларға жауапкершілік көбірек жүктеліп, жалақының төмен болуына байланысты мықты педагогтер мектеп директоры болғысы келмей жатады, - дейді Аймағамбетов.

Ол бұл мәселеге әсер ететін басқа да бірқатар себеп бар екенін айтты. Сондықтан орта білім беру ұйымдарының басшылары қолдауды қажет ететіні сөзсіз,

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша біз мектеп басшылығы лауазымына тағайындау тәртібі, біліктілікті арттыру жүйесі, еңбекақы төлеу және мектеп директорларын аттестаттау рәсімін қайта қарап жатырмыз. Сондай-ақ ротациялаудың жаңа институты енгізіліп жатыр. Алдағы бірнеше жазбамда осы сұрақтарға тоқталып, қабылданып жатқан шешімдердің себептері мен мән-мағынасын ашып айтуға тырысамын, - дейді ол.

Аттестаттауға келетін болсақ, министр алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына аттестаттау және біліктілік санатын беру жүйесі енгізіліп жатқанын айтады.

Аттестаттау үш жылда бір рет өткізіліп, екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде заңнама бойынша білімін тексеруге арналған және басқарушылық құзыреттері бойынша тест тапсырады.
Екінші кезеңде білім беру ұйымдарының басшылары белгілі бір уақыттағы атқарған жұмысының тиімділігі бағаланады.

Оқу меңгерушілері үшін аттестаттау тестілеусіз тек бір кезеңнен тұратынын атап өткім келеді.

Аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия атқаратын лауазымына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы және үш санаттың біреуін беру туралы шешім қабылдайды. Яғни, лауазымына сәйкестігі белгілі болса, директорға санат беріледі. Керісінше, лауазымға сәйкес емес болса, директор жұмыстан босатылуы мүмкін. Берілген санатқа байланысты директор немесе оқу ісінің меңгерушісі санат үшін лауазымдық жалақыдан 30%, 70%, 100% мөлшерінде қосымша ақы алатын болады, - дейді ҚР БҒМ басшысы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мектеп директоры мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақысы жыл сайын 25%-ға артады.

Бұл шаралардың барлығы мектеп басшылығының жалақысын мұғалімдердің орташа жалақысының деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді. Дегенмен, қабылданып жатқан бұл шаралар мектеп басшысы лауазымына ең мықты мамандарды тарту үшін жеткіліксіз. Басшыларға еңбекақы төлеу жүйесінде бұрын-соңды ынталандырушы факторлар болған жоқ. Көшбасшының жалақысы оның тиімді немесе тиімсіз болуына байланыссыз бірдей болатын. Сонымен қатар мектепте 80 бала оқитын білім ордасының директоры мен 1200 бала білім алатын мектеп директоры бірдей жалақы алады. Қазір біз аттестаттауды және жұмыс тиімділігі үшін қосымша ақы төлеу жүйесін енгізіп жатырмыз. Сондай-ақ мектептің жобалық қуаттылығына байланысты лауазымдық жалақыны дифференциялауды енгізу жоспарда бар. Сондықтан алдағы уақытта да біз мектептерді ең мықты педагогтердің басқаруы үшін шаралар ұсынатын боламыз, - деді Аймағамбетов.

Мектеп директорларын іріктеу, тағайындау және оларды ротациялау жүйесі де маңызды болып табылады. Ұзақ талқылаулардан кейін біз осы жүйеге енгізілетін елеулі өзгерістерді дайындадық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: