Жаңалықтар тізбегі
0

"Қорқынышты кино арқылы жүйені сынау". Отандық фильм шетелдік атақты режиссерді тәнті етті

Кино, қорқынышты фильм, Кадет, Әділхан Ержанов, Альфонсо Куарон, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2024 14:15 Сурет: pixabay
Мексикалық кинорежиссер Альфонсо Куарон қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың 2024 жылғы Токиодағы халықаралық кинофестиваль байқауына ұсынған "Кадет" фильмі туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ciakmagazine итальяндық басылымына берген сұқбатында Куарон фильм кең аудиторияны қамтитына сенімді екенін атап өтті.

"Мен Ержановпен Финляндиядағы "Түн ортасындағы күн" кинофестивалінде кездесіп, оған "Кадет" фильмі керемет шығарма екенін айттым. Оны Гильермо Дель Торо және Павел Павликовский сынды басқа режиссерлермен де бөлістім. Олардың барлығы да бұл фильмді көріп, қатты қуанды. Бұл - қорқынышты оқиға арқылы жалпыға ортақ мәселені жеткізе білген автордың пісіп-жетілген ойын танытушы сирек кездесетін жағдайлардың бірі. Сонымен қатар бұл өз елі, оның патриархальды жүйесі туралы сынды білдіртпей, мақтамен бауыздағандай етіп жеткізетін өте нақты фильм", – дейді Куарон.


Кадет, Әділхан Ержанов, режиссер, Альфонсо Куарон, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2024 14:15

Сурет: Instagram/adilkhan_yerzhanov


Куарон көрермендерге Гарри Поттердің "Гарри Поттер және Азкабан тұтқыны" (2004) сериялы кітабының үшінші бөлігін фильмге айналдыру, сондай-ақ Филлис Дороти Джеймстің "Адам баласы" (2006) фантастикалық романының негізінде түсірілген фильмі сияқты жұмыстармен таныс. 2013 жылы режиссердің Голливудтағы жаңа ірі жобасы Сандра Буллок пен Джордж Клуни түскен "Гравитация" ғарыштық эпопеясы болды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: