Астанаға ширек ғасыр толды: заманауи елорда қалай қалыптасты

Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 11:19 Сурет: Православие ақпарат агенттігі
Биыл Астананың (ол кезде Ақмола) елорда мәртебесіне ие болғанына 25 жыл толды. Осынау ширек ғасырда ел астанасының адам танымастай өзгергеніне куә болдық. Есілдің сол жағалауы болашағына батыл қадам басқан Тәуелсіз Қазақстанның жаңа бейнесіндей көрінеді.

Ал 25 жыл бұрын мұнда ен дала болған. Ол кезде қаланың күйбең тіршілігі Есілдің оң жағалауында қайнап жатқан еді. Осы орайда Ақмола, кеңестік Целиноград және заманауи Астананың қалай қалыптасқанын еске алуды жөн көрдік. 

Есілдің оң жағалауы көне Ақмола мен кеңестік Целиноград тарихынан сыр шертеді. Мұнда көне шаһардан қалған ескерткіштер әлі де сақталған. Ол кезде қала орталығы «Есіл» қонақүйінің қасында, Конгресс-холлдың алдындағы алаңда орналасқан еді. Дәл осы жерде 1997 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті ақсақалдардың ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланың кілтін табыстаған салтанатты рәсім өткен еді. 

Жалпы ескі қаланың барлық сәулет мұралары осы ауданда шоғырланған. Атап айтсақ, көпес Силиннің үйі, сондай-ақ аңыз бойынша Василий Кубриннің өз ғашығын шет аймақтағы Ақмолаға әкелу үшін салдырған жекежайы бар. Ал 1905 жылы тұрғызылған Матвей Кубриннің дүкені ескі ақмолалықтар мен целиноградтықтарға «Радуга» атымен танымал болды. Кеңестік кезеңде барлық қала тұрғындары тапшы тауарларды алу үшін осы дүкенге ағылатын. Сонымен қатар жақын маңда ескі Целиноградтың құрылыс нысандары сақталған: аудандық сот ғимараты, үш қабатты тұрғын үйлер мен бұрынғы «Октябръ» кинотеатры.


Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 11:19

Сурет: Православие ақпарат агенттігі

Әрине, ескі қаланы аралағанда көне ғимараттарды көз шалмау мүмкін емес. Астанада олар бірнешеу. Біріншісі – Константин-Еленинский храмы. Ол 1854 жылы Ақмолаға қала мәртебесі берілген кезде салынған. Бір қызығы, бұл ғибадатхана 1900 жылы басқа жерге көшірілді. Себебі оның алғаш орналасқан батпақты жері ғимараттың құлау қаупін тудырған. Бүгін ол Республика даңғылының бойында тұр. Басқа да көптеген православиелік храмдар секілді бұл ғибадатхана да біраз қиыншылықты көрді. Басында ол казармаға ауыстырылса, сосын өлкетану музейіне айналды. Ал кейіннен, тіпті, жабылып қалды. Тек соғыс кезінде билік пен дін өкілдерінің қарым-қатынасы жақсарып, ғибадатхана діндарларға қайтарылды. 


Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 11:19

Сурет: Православие ақпарат агенттігі

     

Екінші ғимарат – бүгінде Сәкен Сейфуллиннің мұражай-үйі. Бұл үйді XIX ғасырдың ортасында самаралық көпес Казанцев салдырған. Алайда, астаналықтар бұл ғимаратты Сәкен Сейфуллиннің өмірі және қызметімен тығыз байланыстырады. 1920 жылдардың басында мұнда көптеген кеңестік мекемелер орналасты, солардың бірінде көрнекті қоғам қайраткері қызмет етті. Атап айтқанда, осы ғимаратта Сейфуллин басқарған аумақтық межелеу жөніндегі комиссия орналасқан болатын. Бүгінде мұражайда ақынның өмірі мен қызметі жайында сыр ақтаратын тарихи жәдігерлер жетерлік: ақталғаннан кейін басылып шыққан туындылары, мерейтойлық кәдесыйлары, сыйлықтары қойылған.    


Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 11:19

Сурет: Православие ақпарат агенттігі

Үшінші ғимарат – дәрігер Фёдор Благовещенскидің үйі XIX ғасырдың соңында ғана тұрғызылды. Оны сол заманның орта санаттағы қарапайым үйлеріне жатқызуға болады. Қанша дегенмен, ағаш үйлердің дәрежесі тастан тұрғызылған көпестердің баспаналарынан төмен саналатын. Бұл үйде Ақмола қалалық ауруханасының меңгерушісі, Маринск училищесінің оқытушысы Фёдор Благовещенский 37 жыл тұрған, науқастарды да осында қабылдаған.     


Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 11:19

Сурет: Православие ақпарат агенттігі

  

Бұл ғимараттар қала тарихындағы әртүрлі кезеңдерді бастан өткерді. Өкінішке орай, революцияға дейінгі көне Ақмола жайлы естелік айтып беретін адамдар қазір жоқ. Бірақ қаланың қайта жаңғыруын, Ақмоланың ел астанасына айналуының куәсі болғандар өте көп. Солардың бірі, қоғам қайраткері Бақыт Сыздықова қаланың елордаға айналған күндерін былайша еске алады:

"Бала кезімде бәрі маған шалғай жерде тұратынымды айтатын. Мен оларға тың өлкенің астанасы Целиноградта тұрамын деп жауап беруші едім. Менің елордада өмір сүремін деген арманым 1997 жылғы 10 желтоқсанда, Ақмола Қазақстанның астанасы болған кезде орындалды, – деп еске алады Бақыт Сыздықова. – Жергілікті тұрғын ретінде, әрине, қаланың астанаға ауысуына және атауы өзгеруіне қуандым. Шынымды айтсам, 1992 жылы Целиноградтың Ақмола деп өзгертілуіне ұзақ уақыт үйрене алмай, бәрібір әдет бойынша Целиноград деп атай беретінбіз. Бірақ Астана өте тез қабылданды – байырғы тұрғындар Ақмола атауын тез-ақ ұмытып кетті". Қоғам қайраткері Бақыт Сыздықова


Бақыт Сыздықова, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 11:19

Сурет: Бақыт Сыздықованың жеке архивінен

Сыздықова сол кездері такси жүргізушілерінің бағаны екі-үш есе көтеріп жібергенін де еске түсірді. Жергілікті тұрғындар наразылық айтса: «Сіз алматылық емессіз бе?», деп сұрайтын. Шынында жергілікті ақмолалықтар үшін бағалар әлдеқайда төмен болатын.

"1997-1998 жылдар қызыққа толы болды, – деп жалғастырды Бақыт Сыздықова. – Мысалы, таңертең университетке бара жатып бұрыннан тұрған ескі ғимаратты көретінбіз. Кешке қарай ол бұзылып, ал таңертең жаңа ғимараттың іргетасы құйылды, тағы бір күннен кейін бірінші қабаты дайын болды. Сол кезде мен Астана мәслихатының ең жас депутаты болдым және көптеген алғашқы қалалық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатыстым. Бірде біз бас жоспарды жасап жатқан жапон сәулетшісі Кисе Курокавамен кездестік. Сәулетшілер алдын ала ұзақ жылдарға барлығын ескеріп қоюы керек деп ойлайтынмын. Ал қазір, әрине, сол кезде көшелердің кеңдігі мен нөсерлі кәріз мәселесін қозғамағанымызға қатты өкінемін. Бұл мәселе қазір өте өзекті болып отыр". Қоғам қайраткері


Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 11:19

Сурет: Православие ақпарат агенттігі

Сонымен қатар Бақыт Сыздықова Астананың елорда ретінде таныстырылымы өткен 1998 жылғы маусымды еске алды.

"Біз үшін бұл Олимпиаданың ашылуымен пара-пар еді. Целинников даңғылындағы (Қазіргі Республика даңғылы) хрущевкаларды сыртқы қаптамамен қаптадық – бұл бізге өте керемет және сәнді көрінді! Бірақ аулалар қайта жасалмады, баяғы қалпында қала берді. Дегенмен, сол кезде көптеген көшелерге бірінші рет асфальт төселді. 1998 жылы қалада карнавал болды. КВН-дегі әріптесім Максим Разумков екеуміз бір ай бойы "Самба де Жанейро" әнімен дайындық өткізген едік. Бағананы Бразилиядағыдай қауырсындармен және боамен өрнектеу керек деген ой болды. Бірақ сол кезде Астанада бұл реквизиттерді табу мүмкін болмаған – біз оларға бүкіл Қазақстан бойынша тапсырыс бердік. Қазір Астанада барлығы бар, ал сол кезде тапшылық еді". Бақыт Сыздықова


Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 11:19

Сурет: Православие ақпарат агенттігі

Сол кездегі жұмысым осы қаланы дәріптеумен, танымал етумен байланысты болатын. Тіпті, әйгілі «Астана.КЗ» командасын да сол кезде дәл осы мақсатта құрған едім. Менің танысым бірде Мальдив аралдарында болған кезінде посткеңестік елдердің өте бай адамдарымен сөйлесіп қалғанын айтып берді. Ол Астанаданмын дегенде, әлгілер мұндай қала барына таңғалып, «Астана» деген жай ғана КВН командасы деп ойлағандарын жеткізіпті. Осы орайда орыстілді әлемнің КВН-ның арқасында біздің қаланы тануын өз үлесім деп білемін!      

Константин Козлов

Аударған Айдар Өрісбаев


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: