Сарапшы: Сайлау қорытындысы еліміздің сыртқы саясаты қай бағытта жүретінін айқындайды

Кезектен тыс президент сайлауы, Қазақстан, ҚСЗИ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 19:14 Сурет: Zakon.kz
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы Әсел Назарбетова Zakon.kz желілік басылымына бүгінгі кезектен тыс президенттік сайлаудың маңызы мен сайлау қорытындысынан қандай өзгерістер күтуге болатыны жөнінде айтып берді.

"Сайлау – маңызды саяси оқиға, саяси процесстердің белгілі бір межесін көрсететін кезең. Соның ішіндегі басты сайлаулардың бірі – президенттік сайлау" дейді ҚСЗИ сарапшысы.

"Себебі мемлекеттегі ең басты шешім қабылдаушы, мемлекеттің даму бағыттарын белгілеуші тұлға сайланатындықтан, әрине президенттік сайлау маңызды оқиға. Осы жолғы президенттік сайлау бірінші кезекте сыртқы геосаяси жағдайдың күрделі кезеңінде және оның салдары ретіндегі ішкі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге де ықпалы болғандықтан, бұл сайлаудың қорытындысы, яғни сайлаудың нәтижесі – еліміз үшін өте маңызды. Себебі қазіргі таңда мемлекеттің алдында өте үлкен міндеттер, өте ауқымды іс-шаралар тұрғандықтан, оны ары қарай іске асыратын мемлекет басшысының қандай болатыны – ел үшін де, халық үшін де өте маңызды мәселе". ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы Әсел Назарбетова

Сарапшының сөзінше, жалпы сайлау науқаны – элеторалды процесс. Ол жүйелі түрде өткізілетін процесс. Дегенмен осы жолғы сайлау – қазіргі Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалардың шеңберінде маңызды рөлі бар маңызды факторға айналып отыр.

"Бұл сайлаудың бүгінгі қорытындысы елдегі жүріп жатқан реформалардың халық тарапынан қаншалықты қабылданғандығы, қаншалықты қолдау табылатындығының көрсеткіші, көрінісі болады. Сондықтан да бүгінгі сайлауға қатысушылардың белсенділігі, бұл сайлауда өзінің кандидатына деген сенімі елдегі жалпы жүргізіліп жатқан өзгерістердің, яғни жаңғырудың, трансформацияның халық тарапынан қабылдануы, түсінуі, олардың санасында көрініс табуы деп қабылдаймыз", – дейді Әсел Назарбетова.

Оның айтуынша, бұл сайлаудың қорытындысы – еліміздің сыртқы саясатының да қай бағытта жүретіні үшін де өте маңызды. Себебі қазіргі болып жатқан көптеген өзгерістер мен жалпы әлемдік саясаттағы көптеген қарама-қайшылықтар біздің де мемлекеттің ішкі жағдайына әсер ететіні түсінікті жағдай. Осы тұрғыдан алғанда бұл сайлаудың қорытындысы маңызды болмақ.

ҚСЗИ сарапшысы Қазақстанда өтіп жатқан кезектен тыс сайлауға жалпы халықаралық қауымдастықтың да бұл жолы қызығушылығы жоғары болып отырғанын атап өтті.

Мұны біз сайлауға тіркелген халықаралық бақылаушылардың санынан көре аламыз. Ондай бақылаушылардың саны сайлаудан-сайлауға артып келеді, – дейді сарапшы.

Оның сөзінше, мысалы, 2021 жылғы парламенттік сайлауға 398 халықаралық бақылаушы тіркелген болса, биылғы сайлауда олардың саны 641 болды.

"35 мемлекеттен және оншақты халықаралық ұйымнан тіркелген халықаралық бақылаушылар бар, одан бөлек, осы жолғы сайлауды әлемдік аудиторияға таратуға келген халықаралық журналистердің де, яғни шетел журналистерінің де саны өте көп. Бұл, әрине, біздің сыртқы саяси ведомстволарға өте үлкен міндет, жауапкершілік жүкетйді. Бұл сайлауға деген халықаралық тұрғыдан қызығушылықтың жоғарылығы мемлекеттегі саяси тұрақтылық мәселесі өте маңызды екенін көрсетеді". Әсел Назарбетова

Сарапшы сайлаудың жалпы өту барысы, осыған дейінгі сайлауға дайындық жұмыстары өте жақсы деңгейде жүргізілгенін тілге тиек етті.

"Барлығы халықаралық нормаларға, стандарттарға, еліміздің Конституциясына, нормативтік құқықтарына сәйкес деңгейде жүргізілді. Бүгінгі сайлаудың өту барысы мен оның қорытындысы мемлекетіміздің ары қарайғы даму жолын айқындау үшін алдымызда тұрған үлкен міндеттерді халыққа тиімді тұрғыдан еңсеру жолында өте маңызды. Президенттік сайлау – электролды процесстің бастамасы, ары қарай парламенттік сайлау, одан кейін жергілікті басқару органдардың, яғни әкімдіктердің сайлаулары болады. Олардың барлығы елдегі жүріп жатқан саяси процесстердің ашықтығын көрсетеді". Әсел Назарбетова

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ маманы бұл сайлау жаңа бір саяси мәдениетті қалыптастыруға да ықпал ететінін атап өтті.

Сайлаушылардың қызығушылығына қарап, саяси мәдениеттің де артып келе жатқанын байқауға болады. Халықтың өз тағдырына, ұрпағының тағдырына, болашағына алаңдаушылығы жоғары және болашақты сеніп тапсыратын тұлғаларға, мемлекеттік институттарға, мемлекет басшысына деген сенімді білдіруге әсер ететін процесстер – осы сайлау. Сондықтан да бүгінгі сайлаудың маңызы жоғары деуге болады. Әсел Назарбетова
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: