Алматының веложолдарында қандай проблемалар бар

Велосипед, веложол, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 16:50 Фото: Zakon.kz
Алматы тұрғындарын велосипедке жаппай көшіруді қала билігі бірнеше жыл бұрын бастаған. Алматыда бұған қажетті инфрақұрылым да жасала бастады. Мысалы, қолданыстағы 65 бағдаршамға велосипед бағдаршамы қосылды, бірақ әлі де проблемалар бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары веложолдардың біркелкі болмағанына және ондағы қауіпсіздікке алаңдайды. Сонымен бірге велосипедшілер мен жаяу жүргіншілердің соқтығысып қалып, кейін ауыр зардаптарға тап болған жағдайлар да жиі кездеседі.

Велосипедші Нұрдәулет Құрманғазыұлына жаяу жүргіншілер веложолда кедергі келтіреді, бірақ кейбірі бұған назар да аудармайды. Адамдар смартфонмен жүрген соң жолға қарамайды, кейін велосипед жолағына ауысып кетеді. Оның айтуынша, көлік айдайтындар да кейбір қиылыстағы бұрылыстарда велосипед жолынан өтуі керек екен. Алайда жүргізушілер кейде велосипедшіні байқамауы да мүмкін.

Алматыда 185 кәсіби велосипедші бар, бірақ мегаполистегі веложолдармен қанша қарапайым азамат жүретінін ешкім есептемеген. Сол себепті тәжірибесі аз тұрғындарға қауіпсіз жағдай жасау өте маңызды.

Велосипед, веложол, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 16:50

Фото: Zakon.kz

Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының коммуникациялар жөніндегі маманы Диас Маратұлының сөзінше, күн жылы кезде кейбір веложол боллардпен қоршалады, бірақ бұл әрдайым тиімді бола бермейді екен. Ол велосипед жолдарын кішкентай ағаштармен немесе биік жиектаспен бөлу керек деп есептейді.

Қазіргі уақытта автокөлік әуесқойлары талқылап жатқан тағы бір мәселе бар. Қалада автотұрақтар азайып келеді, оның ішінде велосипед жолдары да бар.

"Велосипедшілер қыста жүрмейтіндіктен, неге жол бойындағы велосипед жолдарын маусымдық етпеске?"Автобус жүргізушілері

Ал бұған қала әкімдігінің өз уәжі бар.

"Жыл сайын боллардтарды коммуналдық көліктерге қарашадан ақпанға дейін қаланы қардан түгел тазартуға ыңғайлы болуы үшін жинап тастайды", – деп түсіндірді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Велосипед, веложол, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 16:50

Фото: Zakon.kz

Қыста Алматыда тайғақ және ылғал болады. Жауын-шашын және бұлтты ауа райы жағдайды одан сайын қиындатады. Жолда жүретіндер бір-бірін дұрыс көрмейді, ал велосипедшілер өз жолындағы мұзды, шұңқырларды және басқа да кедергілерді байқамауы мүмкін. Велосипедшілер сырғып кету мүмкін, ал көліктердің тежеу қашықтығы ұзарады. Біріктірілген қозғалыс кезінде бұл комбинация жақсы нәтиже бермейді.

Алайда, қала әкімдігінің мәлімдеуінше, веложолдар тротуарлар сияқты технологиямен тазаланады.

""Әр велосипед жолағының өз кемшілігі бар. Дегенмен объектив түрде айтсақ, қаладағы велосипед инфрақұрылымы жақсара бастады және жолды жаңадан төсеген кезде айтарлықтай қателіктер жіберілмейді. Ең ыңғайлы веложолды Абай даңғылындағы (Достық даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейін) жолақ деуге болады. Сонымен қатар жолақ өте тегіс, бірақ бір кемшілігі бар - бұл тротуармен тікелей байланысады және велосипедшілер жаяу жүргіншілермен жиі қақтығысады"Диас Маратұлы

Оның пікірінше, қала билігі мектептерге баратын жолға көбірек көңіл бөлу керек, өйткені мектеп оқушыларына велосипед пайдалы көлік бола алар еді. Сонымен қатар бұл мектептердің айналысында көліктің көп болып кетпеуін шеше алады. Ол сонымен бірге балалардың қауіпсіздігі үшін велосипед жолақтарын шағын аудандардың ішіне салу керек деп есептейді.

Маманның сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстанда велоинфрақұрылым жағдайы бойынша Алматы көш бастап тұр.

Велосипед, веложол, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 16:50

Фото: Zakon.kz

Мегаполистегі алғашқы веложолдар ірі даңғылдарда және көлік қозғалыс аз аударданда пайда болды. Веложолақтардың жалпы ұзындығы - 79,2 шақырым. Алматы ұтқырлық басқармасы велоинфрақұрылымды дамыту стратегиясын "Көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу және жобалау институты" ЖШС-мен бірлесіп әзірлейді. Сонымен бірге қалада веложолақтар қиылысында велосипед бағдаршамдары қойылмақшы.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: