"Достық" және "Алтынкөл" теміржол станцияларының бастықтары қызметінен босатылды

"Алтынкөл", "Достық", ҚР Қаржы министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 16:49 Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев "KTZE-Khorgos Gateway" құрлық портының, "Нұр жолы" және "Алтынкөл" өткізу пункттерінің жұмысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz

Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда Қазақстан – Қытай шекараcында бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша "Достық" және "Алтынкөл" шекара маңындағы теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды."ҚТЖ" баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: