Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала себептері белгілі болды

Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала себептері белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 12:34 Сурет: pixabay
Ақтау қаласының маңында 2024 жылғы 25 желтоқсанда ұшақ апатқа ұшырады. Оқиғаның алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 11: 10-да "Қазаэронавигация" РМК-дан ақпарат келіп түсті: Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.

Бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Бұған дейін Ақтау маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиға орнына ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Айта кетейік, апаттан 12 адам аман қалды, қазір олар ауруханаға жатқызылды

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: