Астанада сәбилерге қызылшаға қарсы жаппай екпе салынады

Астанада сәбилерге қызылшаға қарсы жаппай екпе салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 19:19 Сурет: unsplash
Алты айдан он айға дейінгі балаларға қызылшаға қарсы жаппай екпе 6 қарашада басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

"6 қарашада алты айдан он айға дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталады деп жоспарланып отыр. Содан кейін 5 желтоқсаннан бастап екі жастан төрт жасқа дейінгі балаларды иммундау басталады. Екпе сіздің балаларыңыз үшін өте маңызды. Вакцинациялау арқылы оларды ауырудан сақтайсыз. Қызылшаға қарсы вакцинадан бас тарту арқылы балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз".Сархат Бейсенова

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемованың айтуынша, 3 қарашадағы жағдай бойынша ауруханада 261 науқас жатыр, оның 183-і балалар. Аурудың жоғары деңгейі ұйымдасқан топтарда, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде, жоғары оқу орындарында, медицина ұйымдарында және әскери бөлімдерде тіркелді.

"Астанада қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақсыз, аурушаңдықтың артуы байқалады. Наурыз айынан бастап бүгінге дейін 1009 науқас стационарда емделді. Оның 788-і 18 жасқа дейінгі балалар. 96% жағдайда ауру екпе алмаған балалар мен вакцинация статусы белгісіз ересектер арасында тіркелді", - деді Әлия Рүстемова.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қызылша ауруының күрт өсуін түсіндірді. 26 ​​қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі қызылша ауруына қатысты жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазір мектептерді карантинге жабуға негіз жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: