Сәтбаев қаласының үш тұрғынының үстінен 27 қылмыстық іс қозғалды

Ұлытау облысы, алаяқ, несие, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 17:49 Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында тұратын екі апалы-сіңлі мен олардың құрбысы бірігіп, алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 23 қарашада Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Алаяқтық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдары 1968, 1981 және 1987 жылы туған үш әйелді ұстады.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер облыс тұрғындарына еліктіретін шарттармен несие алдырған.
"Күдіктілер – апалы-сіңілі екі әйел мен олардың құрбысы ең төменгі мөлшерлемемен 30 млн теңгеге дейін несие рәсімдеуге уәде берді, сол арқылы сенгіш азаматтардың ақшасын жымқырған", – деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаменті.
Әйелдер қамауға алынып, оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Полиция қазірдің өзінде ұсталғандарға қатысты 27 қылмыстық іс тіркеді, олар келтірген шығынның жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асады.

Күдіктілер Жезқазған қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жіберілді.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: