Ұлытау облысында аурухананың екі есепшісі бюджет қаражатын миллиондап жымқырғаны үшін жазаға тартылды

Ұлытау облысы Жәйрем кентінің ауруханасы, жемқорлық, аурухана есепшісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 11:03 Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасы Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратурының мәліметінше, осы медициналық мекеменің Б және T есімді бухгалтерлері 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға 5,1 млн теңгені заңсыз аударған. Жымқырылған қаражатты бухгалтерлердің өзі иемденіп алған.

Бұл факт бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

"Қаражал қалалық сотының үкімімен Жәйрем кенті ауруханасының бухгалтерлері кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазалар тағайындалды".Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енді.

Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу қозғалып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: