Балабақшадағы балалардың ұрып-соғуы: Зәкиева баланың жағдайы туралы айтты

Балабақшадағы балалардың ұрып-соғуы: Зәкиева баланың жағдайы туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2024 15:49 Сурет: pexels
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматыдағы балабақшалардың бірінде құрдастарының баланы аяусыз ұрып-соғуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол балабақшада бір топ бүлдіршінді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатқанын айтты.

"Алматы қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан зардап шеккен баламен бірге ауруханада жатыр. Бала әжесімен бірге. Жағдайы орташа ауыр. Қазір мән-жай зерттеліп, мінез-құлық пен қатыгездіктің себептері көрсетіліп жатыр", – деп жазды Динара Зәкиева Instagram-дағы Stories-інде.

23 ақпанда Алматыдағы балабақшадағы бүлдіршіннің соққыға жығылған сәтінен түсірілген видео Қазнетті елең еткізді. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда бірнеше бала бір топтағы достарын аяусыз соққыға жыққан. Зардап шеккен баланың ата-анасының айтуынша, оқиға 21 ақпанда балалар мұғалімнің қарауынсыз қалған кезде болған. Балабақша директоры мен мұғалім жазаланып, полиция қылмыстық іс қозғады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: