Сейсмолог Алматыдағы жер сілкінісі туралы: Жағдай тұрақты, қауіп жоқ
Cурет: gov.kz
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев Алматыдағы жағдайдың тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол қаладағы сейсмикалық жағдайға арналған шұғыл баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Жағдай тұрақты. Бүгінде қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық сейсмикалық станса, барлық бақылау пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мониторинг бақылау түрлері бойынша жүргізіледі - гидрохимия, гидрология, GPS бақылаулары. Ешқандай ауытқулар тіркелген жоқ", - деді Дәулет Сәрсенбаев.
Бұған дейін алматылықтар жер сілкінісін тағы да сезінгені хабарланған еді. Төтенше жағдай туралы толығырақ ақпаратты мына жерден оқуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript