Жер сілкінісін болжау мүмкін бе
Сурет: Zakon.kz
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға беруге болатынын, бірақ ол абсолютті болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол Алматыдағы сейсмикалық жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Әлемде ешкім болашақ жер сілкінісінің орны, күші немесе эпицентрі туралы 100% болжам жасай алмайды. Бұл мәселемен әлемнің барлық ғалымы айналысып жатыр. Біздің сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия біз 24/7 алған деректерге негізделген, ықтималдығы 0,7, яғни 70% болатын қорытынды береді".Дәулет Сәрсенбаев
Сонымен қатар ол Алматыда жағдай тұрақты және азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді.
Бұған дейін алматылықтар жер сілкінісін тағы да сезінгені хабарланған еді. Төтенше жағдай туралы толығырақ ақпаратты мына жерден оқуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript