Ақтауда 65 миллион теңгеге жөнделген ескерткіштің тұғыры қирап жатыр

Ақтауда 65 миллион теңгеге жөнделген ескерткіштің тұғыры қирап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2024 13:21 Cурет: Ақтау тұрғындарының фотосы
Ақтау тұрғындары биліктің назарын Тобанияз Әлниязұлының ескерткішіне аударды. Тұғырдағы кейбір қаптама тақтайшалар сынған және қалпына келтіруді қажет етеді дейді қала тұрғындары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арматура тұғырдан шығып тұр. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қазір қаланы абаттандыру нысандарын күтіп ұстауға қатысатын мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Мердігер анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі", - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Бұл Тобанияз Әлниязұлының 12-шағын аудандағы саябаққа орнатылған екінші ескерткіші екені атап өтілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше, қала билігіне ескерткішті жаңартуға 65 313 ​​642 теңге жұмсалған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: