Қазақстанның бірден үш өңірінің тұрғындарына терроризмге қарсы жаттығулар туралы ескертпе жасалды

Қазақстанның бірден үш өңірінің тұрғындарына терроризмге қарсы жаттығулар туралы ескертпе жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 12:01 Сурет: akorda.kz
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар Қазақстанның үш өңірінің – Жамбыл, Ұлытау және Қарағанды тұрғындарына жүгінді. Олар терроризмге қарсы жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы

29 сәуір күні Тараз қаласының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабымен "Тараз-Антитеррор-2024" оқу-жаттығуы өткізілуде.

"Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады."Терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабы

Мақсаты -құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Ұлытау облысы

Ағымдағы жылдың 29 мен 30 сәуір аралығында Жезқазған қаласында Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ұлытау облыстық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуі жоспарлануда.

"Өткізілетін іс-шараға байланысты Жезқазған қаласындағы көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылатың мәселесі қарастырылған. Қала қонақтары мен тұрғындарын уақытша шектеулерге түсінікпен қарауды, қауіпсіздік шараларды сақтауды, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған ақпарттың таралуына жол бермеуді сұраймыз."Терроризмге қарсы Ұлытау облыстық жедел штабы

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.

Қарағанды облысы

29 сәуір күні сағат 10.00 - 14.00 аралығында Нұра кентінде КММ "Нұра" стадионында (Абдирова көшесі, 55) терроризм актілеріне жедел әрекет ету шеңберінде оқу-жаттығулар өткізіледі.

"Аталмыш стадион айналасында шектеулер қарастырылды. Осыған орай, азаматтарды түсінушілікпен қарауды, сабырлық сақтауды, үрейге бой алдырмауға және шараға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, ресми БАҚ ақпараттарына ғана сенулеріңізді сұраймыз."Нұра аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

2024 жылдың 26 сәуірінде "Қамысты" ЖШС сорғы станциясының аумағында терроризмге қарсы жаттығулар өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: