Жетісу облысында табиғи өрттерді сөндіру бойынша "Өрт-2024" оқу-жаттығуы өтті
Сурет: Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жетісу облысы ТЖД азаматтық қорғаудың аумақтық жүйесін жұмылдыра отырып, "Талдықорған орман шаруашылығы" КММ-нің Қаратал орманшылығы аумағында табиғи өрттерді сөндіру бойынша "Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы оқу-жаттығу шеңберінде облыс аумағында туындайтын табиғи өрттерді сөндіру жөніндегі аумақты азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылы, өрттер туралы ақпарат алмасу тәртібі, өзара іс-қимыл жасайтын мекемелер мен қызметтер арасында және табиғи өрттерді жоюға қатысатын өртке қарсы құралымдардың дайындығы пысықталды.
Сурет: Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
"Осы оқу-жаттығуға барлығы барлығы 30 бірлік техника және 131 жеке құрам жұмылдырылды. Облыстың барлық аудандарында табиғи өрттерді сөндіру бойынша осындай командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді".Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сурет: Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жетісу облысы аумағында табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпті кезеңде тұрақты негізде алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript