Израиль әскері Рафахтағы тұрғын үйді бомбалау кезінде тағы жеті адам қаза тапты
Сурет: wikipedia.org
Газа секторының оңтүстік бөлігінде орналасқан Рафах қаласындағы тұрғын үйді Израиль армиясы бомбалау кезінде кем дегенде жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ливанның Al Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, тағы алты адам жарақат алған.
27 мамырға қараған түні Израиль қала маңындағы босқындар лагеріне әуе шабуылын жасады - 66 адам қайтыс болғаны анықталды. Әуе шабуылында Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина ХАМАС қозғалысының штаб бастығы Ясин Рабиа қаза тапты.
Кейінірек Газада израильдік шабуылдардан қаза тапқандар саны 36 мыңнан асқаны белгілі болды.
Айта кетейік, БҰҰ Халықаралық соты Израильден Рафахтағы әскери операцияны тоқтатуды талап етті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript