Қазақстандық 40 мың теңгені "оңай жолмен" табамын деп, 10 жылға бас бостандығынан айрылды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 16:48 Фото: pexels
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер есірткі таратқаны үшін ұстаған Петропавл қаласының 22 жастағы тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық басқарманың мәліметінше, сәуір айының басында петропавлдық "жеңіл" ақша табамын деп есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жұмыс істей бастаған.

"Бір айға жетер-жетпес уақытта оның бұл “жұмысы” 40 мың теңге табыс әкеліпті. Алайда көп ұзамай есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жас жігітті осындай кезекті әрекетін іске асырып жатқанда қолға түсірді. Жеке тінту кезінде одан синтетикалық есірткі салынған түйіншектер табылды. Кейін жауап алу нәтижесінде қаланың шеткері аудандарында және саяжай қоғамдастықтарының бірінде есірткі жасырған орындар анықталды. Жалпы салмағы 14,92 грамм болған α-PvP есірткісі және 22,15 грамм мефедрон тәркіленді".СҚО ПД баспасөз қызметі

Тергеу материалдары сотқа жіберілді.


"Сот жігітті кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Есірткі өткізу бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын естен шығармауды сұраймыз", – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан СҚО-да есірткі өткізгені үшін 25 жасқа дейінгі 25 адам сотталды. Олардың қылмыстық әрекеті орташа есеппен алғанда 3 айдан аспайды. 

Бұған дейін жыл басынан бері адам саудасына байланысты 134 қылмыстық іс тіркелгені хабарланды

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: