Омбудсмен сабақ оқымағаны үшін қызының қолын кескілеп тастаған СҚО-дағы отбасы туралы айтты

Омбудсмен, СҚО, қыз бала, пышақпен кескілеу, Өндіріс ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2024 19:23 Сурет: Zakon.kz/Инна Литвиненко
Оқыс оқиға Петропавлдан 500 шақырымда орналасқан Өндіріс ауылында болды. Ол - Ресеймен шектесіп жатқан жырақтағы ауыл. СҚО бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Сұрағанқызы балаға қатысты зорлық-зомбылық көрсетілген отбасы "қарапайым" екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2024 жылдың 19 қыркүйегінде Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия оқиға орнына барып, аталған отбасымен әңгімелесті.

"Бүгінгі таңда бұл отбасындағы барлық бала қауіпсіз жерде. Бұл - біздің басты міндетіміз. Отбасында тағы үш бала мектепте оқиды, тағы бір бала шағын орталыққа барады екен. Қарапайым, ауылдағы отбасы, олар туралы теріс пікірлер айтылмады. Барлығы тек оң көзқараста". Сәуле Сұрағанқызы, СҚО бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Сонымен қатар омбудсмен отбасы есепке алынғанын атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, 17 қыркүйекте қансыраған 11 жасар қыз Уәлиханов ауданындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Ауыл дәрігерлеріне Петропавлдан бейінді дәрігерлер санитарлық авиациямен шұғыл көмекке келіп жетті. Бригада сапында хирургтар, оның ішінде тамырлар реаниматологы да бар. Балаға аудандық ауруханада ота жасалды. Бір тәуліктен кейін науқастың жағдайы тұрақтанды. Ол бірден облыс орталығындағы СҚО көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты, бірақ ауыр деп бағалайды. Дегенмен олар өмірге қауіп төніп тұрмағанын, керісінше, уақыт өте келе қыздың жағдайы жақсаратынын айтады.

Полицияда кәмелетке толмаған адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын қолға алды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. СҚО әкімдігі білім басқармасының ақпараты бойынша, баланың анасы қазір өз төркінінде, оны әке-шешесі алып кеткен. Бес бала әкесімен бірге қалды.

Зардап шеккен қыздың ата-анасы алты бала тәрбиелеп отырғанын, сонымен қатар қолдарында атасы мен әжесі барын да айта кетелік. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: