Жетісу полициясы мефедронның ірі партиясын тәркіледі: есірткінің 2000 дозасын өткізуге жол берілмеді

Жетісу полициясы мефедронның ірі партиясын тәркіледі: есірткінің 2000 дозасын өткізуге жол берілмеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 15:05 Сурет: YouTube/PolisiaKz
"Қарасора-2024" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы басқармасының қызметкерлері сәтті жедел іздестіру шараларын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны есірткі таратқаны үшін ұсталды.

Ведомство ақпаратынша, күдікті "Toyota Yaris" автокөлігін тексеру барысында ұсталды.

Тексеру барысында машинада ерекше иісі бар ақ заттың қапшығы табылды. Сараптама қорытындысна сәйкес жалпы сомасы бір килограмм алынған зат "мефедрон" синтетикалық есірткісі болып табылды. Тәркіленген заттың нарықтық құны 20 миллион теңгеге бағаланады, бұл қара нарықтағы екі мың дозаға тең.

"Есірткіні анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. Есірткі заттарын өндіру, сақтау, тасымалдау және аса ірі мөлшерде өткізу сияқты заңсыз әрекеттері үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Есірткі қылмыстары қоғамға зиян келтіріп қана қоймай, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі. Полиция азаматтарды сергек болуға және есірткіге қатысты күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады.

Бұған дейін Қостанайда есірткі жасырып кетумен айналысқан студенттердің 11 жылға түрмеге тоғытылғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: