Маңғыстауда бесінші күн қатарынан із-түссіз кеткен 15 жасар оқушы қыз іздестірілуде
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтау қаласы маңында бес күн бұрын жоғалып кеткен 15 жасар Нұрсая Құралбаеваны іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz ақпаратынша, қыз Мұнайлы ауданындағы Бірлік көшесіндегі жеке үйде тұрады.
Еріктілердің айтуынша, ол 15 қазан күні таңертең сағат 08: 00 шамасында Ақтау политехникалық колледжіне бағыт алып, үйден шығып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз.
Сурет: lada.kz
Іздестіру жұмыстарына полициямен қатар еріктілер де жұмылдырылған. Туыстарының айтуынша, Құралбаева қара күртеше, қара шалбар мен ақ жолақтары бар қара кроссовка киген. Бойы 165-170 сантиметр, ұзын қара шашты, орташа денелі қыз.
Жоғалған адамды көрген-білген болсаңыз +7 (700) 911-72-92 немесе 102 телефондары арқылы ақпарат беруіңізді сұраймыз.
Бұған дейін Астана полициясының хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жерін анықтағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript