Израильдің шабуылынан Газада 87 адам қаза тапты

Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі Бейіт Лахия қаласына соққы беріп, 87 адамды мерт қылды. Тағы 40-тан астамы жараланған., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 14:40 Сурет: pixabay
Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі Бейіт Лахия қаласына соққы беріп, 87 адамды мерт қылды. Тағы 40-тан астамы жараланған.

Мұны палестиналық анклавтың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ал Израиль әскерилері бұл мәліметті тергеп жатқанын мәлімдеді.

Израиль "Хамас" қозғалысының жасақтарын жоямын деп Газаға шабуылды былтыр қазанның 7-де бастады.

Содан бері 42 мың 600-ден астам палестиналық қаза тапты. Сол құрбандардың ішінде мыңдаған әйел мен бала бар. Бұған қоса, осы сектордың 2,3 миллион халқының басым бөлігі үйлерін тастап кеткен.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: