Ақтауда ауызсу жетіспеушілігінің себебі белгілі болды

Ауыз су, Ақтау, жетіспеушілік, түсініктеме, МАЭК, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2024 11:49 Сурет: pixabay
Ақтау қаласының тұрғындары ауызсу жетіспеушілігіне жаппай шағымдануда. Ақтаудың негізгі ауыз су көзін қамтамасыз етуші – "МАЭК"ЖШС судың көп бөлігі қаланың жылумен жабдықтау жүйелерін толтыруға жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, жылыту маусымы басталғаннан бері "МАЭК" ЖШС өндірген ауыз судың бір бөлігі қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда, бұл да қаладағы су мәселесіне әсер етіп отыр.

"Қазіргі уақытта Каспий су тұщыту зауытын кеңейту жұмыстары аяқталуға жақын. Су тұщыту өндірісін ұлғайту арқылы, суды кезең-кезеңімен жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Құйылыс-Меловое кен орнынан (ұзындығы 46 шақырым) су құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл құбыр іске қосылғаннан кейін Ақтау қаласына су жеткізу көлемін арттыруға мүмкіндік береді", делінген ресми хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: