Петропавлда жаңа жылдық безендіруге қосымша қаражат бөлінеді
Фото: Zakon.kz
Петропавлда жаңа жылға дайындыққа 13,5 миллион теңге жұмсалады. Оның ішінде, сегіз нысан безендірілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавл.News дерегінше, Петропавлда биыл сегіз жерде жаңа жылдық мереке ұйымдастыу жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қала басшысы Серік Мұхамедиев айтты.
"Алда бізді сиқырлы мереке – жаңа жыл күтіп тұр! Дәстүр бойынша біз қаламызды безендіреміз. Биыл сегіз жерде жаңа жылдық мереке ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, олардың қатарына жаңа Бірлік шағын ауданын қостық", – деді қала әкімі.
Ол сондай-ақ қолда бар жаңа жылдық әшекейлерге түгендеу жүргізілгенін айтты. Олар биыл да қолданылады.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрінің мектептерде жаңа жылдық мерекелерге ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript