Антикор Ақтау қалалық соты төрағасының ісінің жай-жапсарын жариялады

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 16:40 Сурет: Telegram/antikornews
2024 жылғы 17 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллинге қатысты тергеу қандай сатыда екені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Мәселен, Агенттік Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтады.

Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда.

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: