Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған 22 адам ауруханаға жеткізілді

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 13:10 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Оқиға орнына 22 жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының алты топ мүшелері жіберілді, деп хабарлайды Ақтаудағы Zakоn.kz тілшісі.

Облыстық көпсалалы ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық төсек және 10 реанимациялық орын дайындалды. Ақтау балалар ауруханасында 20 төсек және 10 реанимациялық орын дайын.

"Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. Алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді",- делінген ТЖМ мәліметінде.

Сондай-ақ, барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылғаны қоса айтылды.

Бұған дейін Ақтау маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиға орнына ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Сондай-ақ, жолаушылардың тізімі жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: