Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды
Сурет: parlam
Бүгін ҚР Парламенті сенаты төрағасының орынбасары болып Ольга Перепечина сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz. Оның кандидатурасын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ұсынды.
Сіздер Ольга Валентиновнаны жақсы білесіздер, ол өз ісінің нағыз шебері, тәжірибелі сенатор, Солтүстік Қазақстан облысынан екі рет сенатор болып сайланды. Әрқашан табандылық танытып, мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоятын.Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев
Сенат регламентіне сәйкес, палата төрағасының орынбасарын сайлау туралы қаулы ашық дауыс беру арқылы қабылданды. Депутаттар бұл шешімді бірауыздан қолдады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript