Обал-ай! Өзбекстанға 40 вагон картоп жібермек болғандар ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2022 17:11 Сурет: zakon.kz
Түркістан облысының Сарыағаш станциясында картоп тиеген 40 вагон Өзбекстанға жөнелтілмей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Вагондарды Павлодар облысының жүк жөнелтушілері 2022 жылдың 11 қаңтары мен 20 қаңтары аралығында тиеген. Жүк Өзбекстанға жөнелтілмек болған.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және жөнелтуші кеден органдары берген фитосанитарлық және карантиндік сертификаттар мен экспорттық кедендік декларациялары бар.

Алайда 2022 жылғы 10 қаңтарда ауыл шаруашылығы мен қаржы министрліктерінің ҚР аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы НР-5,21 бұйрығы қабылданды. Құжат жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді. "Қазақстан теміржолы" АҚ баспасөз қызметі

Осы жағдай бойынша "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 25 қаңтарында ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің атына сауал жолдады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: