Оралда студенттер алаяққа алданып қалды
Тергеу барысында күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Орал полиция басқармасы Абай криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 31 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Ол делдалдық арқылы студенттерді алдап, несие алуды ұсынған.
Банктерден студенттерге несие алу қиын болғандықтан, жастар күдіктінің ұсынысына бірден келісіп, өздерінің жеке мәліметтерін берген. Салдарынан күдікті оларға несие беріп, қолма-қол ақшаны иемденген. Ал алданған студенттерге жақын арада ақша беруге уәде берген.
Жастар алданғанын түсініп, полицияға жүгінді. Іс бойынша алты адам жәбірленуші деп танылды, бірақ іс жүзінде алаяқтың "құрбандары" көп болуы мүмкін, полицейлер істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгеден астам. Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.