Елордадағы түрмелердің бірінде оптикалық шоумен жарақтандырылған байқау өтті
Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Күз мезгіліне арналған бұл байқауға жазасын өтеп жатқан шетел азаматтары да қатысып, өздерінің аспаздық шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар өз елдерінің ұлттық тағамдарын насихаттады. Байқауда күз мезгілінде әзірленетін кавказ, америкалық, қазақ және ұйғыр тағамдарын қамтитын 10-нан астам түрлі тағамдар дайындалды.
Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Бағдарламаның ең басты ерекшелігі - жарықтандыру дизайны мен оптикалық шоу болды. Сотталғандар арасында кәсіби инженерлер мен дизайнерлер бар болып шықты, мұны солар жасады.
Мұндай шара біздің мекемеде алғаш рет өткізіліп отыр. Сотталғандардың психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кез келген бастамасы әрқашан мақұлданатын болады. Біздің жұмысымыз осы жерге келген адамдарды түзеу, сондықтан біздің бөлім сотталғандардың талантын ашуға және іске асыруға бағытталған ұсыныстарды үнемі қабылдап отырады, - дейді әділет капитаны Майса Жақсыбаева.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript