Елордалық сатушы бөтенмен арақ ішемін деп тауарларынан айырылды

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2022 13:59 Сурет: polisia.kz
Дүкенде сатушы жігіт бейтаныс адаммен алкогольді ішімдік тұтынып, бірге отырғанда әлгі кісі өзімшілдікке салынып, сұрамай-ақ сөредегі заттарды киіп көре бастаған. Ақырында үстіндегі киім-кешекпен қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндізгі уақытта 102 пультіне қала тұрғыны хабарласып, өзін әлдекімнің тонап кеткенін айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, ол Республика даңғылындағы аяқ киім дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Сол дүкенде сатушы жігіт бейтаныс адаммен алкогольді ішімдік тұтынып, бірге отырғанда әлгі кісі өзімшілдікке салынып, сұрамай-ақ сөредегі заттарды киіп көре бастаған. Мас ер адам сатушының ескертулеріне мән бермеген. Осылайша олардың арасында жанжал басталған. Қаскүнем “Adidas” маркалы спорттық аяқ киім мен былғары сырт киімді алып кетіп қалған. Көшеде күдікті соңынан келген сатушыға күш қолданып, оны соққыға жыққан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталған елорданың 41 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді “Сарыарқа” ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Марк Азволинский.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: