Елордада жұмыс орнында әйелді біреу пышақтап кетті
Сурет: Zakon.kz
20 қазанда сағат 18.39-да 102 шұғыл байланыс желісіне елорданың дүкендерінің бірінде ер адамның бір әйелді пышақтап кеткені туралы қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына дереу полиция жасағы аттанды. Аталмыш факт расталды.
Дүкендегі касса жанынан еденде пышақталған әйелдің денесі табылды. Алған жарақаттарынан 32 жастағы азаматша жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қаза тапқан.
Ер адамның аяқ-киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындағанда қос әйелдің бірін итеріп жіберіп, екіншісіне пышақ ала жүгіргені анықталды.
Елордалық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Дәлел зат тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript