Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы шекара режимі жөніндег заң мақұлданды
Сурет: pxhere
Сенат депутаттары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев Заңның мақсаты 2021 жылғы 25 қазанда Ашғабат қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан – Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау екенін мәлімдеді.
"Заң мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы қатынастардың құқықтық негізін белгілеуге және реттеуге бағытталған. Келісімде Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимін белгілеу және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайту көзделеді", – деді ол.
Келісімнің нормаларына сәйкес Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі шекарада және шекара маңы белдеулерінде әрекет ететін қағидаларда айқындалады, ол мынадай:
- Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасын күтіп-ұстау;
- адамдардың, көлік құралдарының Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі және ол арқылы жүктерді және өзге де мүлікті өткізу;
- Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу;
- Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасы мен шекара белдеулерінің үстінен ұшуларды жүзеге асыру;
- Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасында, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекаралық сулар шегінде шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізу (оның ішінде оларды пайдалану);
- шекаралық оқыс оқиғаларды шешу тәртібі.
Келісім мерзімсіз болып саналады және тараптардың біреуі дипломатиялық арналар арқылы екінші тарапқа оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша нысанда хабардар еткенге дейін қолданылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript