Жетісу облысында пәтерді заңсыз тіркеу әрекетінің жолы кесілді

Жетісу облысында пәтерді заңсыз тіркеу әрекетінің жолы кесілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2024 13:21 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының прокурорлары пәтерді сот арқылы заңсыз тіркеу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл факт 40 жастағы жергілікті тұрғын Текелі қаласының прокуратурасына жүгінген кезде анықталған. Сот шешімімен азамат Б. 2023 жылы пәтерге иелену мерзімінің ескіруі бойынша меншік құқығын белгілеген.

Ол сотты пәтерді сатып алғанына, бірақ иесінің шетелге көшуіне байланысты құжаттарын рәсімдеп үлгермегеніне, онда 10 жылдан астам тұрып жатқанына және күтіп ұстау ауыртпалығын көтеріп жүргеніне сендірді.

Прокуратураның наразылығына байланысты сот актісін қайта қарау кезінде пәтердің ұзақ уақыт бойы иесіз болғанын, кейін 2014 жылдан бері оны ұстаған көп балалы әйелдің тұрғанын дәлелдеуге мүмкіндік туды. Сондай-ақ азамат Б.-ның аталған пәтерге еш қатысы жоқ екені анықталды.


"Нәтижесінде Текелі қаласы сотының азамат Б.-ға меншік құқығын белгілеу туралы шешімінің күші жойылды. Қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар мұқтаж жандарға кезектілік тәртібімен одан әрі ұсыну үшін пәтерді тұрғын үй қорының есебіне қою бойынша жұмыс жүргізеді" - делінген Жетісу облысының прокуратурасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: