Кибертыңшылық: Дербес деректердің қолды болуына байланысты құзырлы мекеме мәлімдеме жасады
Сурет: freepik
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ бүгін, 2024 жылы 22 ақпанда ел азаматтарының дербес ақпараттарының жылыстауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«МТҚ» АҚ 2022 жылы ҰҚК-мен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстан ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымында шетелдік хакерлік топтың қызметін айқындағанын еске алады.
"Тексеру зиянкестер дерекқорларға 2021 жылдан бастап заңсыз қол жеткізе алғанын көрсетті. Байланыс операторлары тарапынан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды өрескел бұзу енудің себебі болды". "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ баспасөз қызметі
Қолданылған шаралар барысында қатерлер және тәуекелдер бейтараптандырылғаны да нақтыланады.
"Хакерлік топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері бірнеше елдің бастамасы бойынша халықаралық іздестіруде. БЖЗҚ және "Air Astana" компаниясының инфрақұрылымына қол жеткізу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органы (ЦДИАӨМ) тексеру жүргізуде". "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript